Еліміздегі автокөлік мектептерінің көбі талапқа сай емес

Еліміздегі автокөлік мектептерінің көбі талапқа сай емес. Тексеріс барысында оқу сапасына тікелей әсер ететін бірқатар кемшілік анықталған. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, автодромдар дұрыс жабдықталмаған. Жол белгілері мен таңбалар жеткіліксіз. Кейбірі тіпті техникалық тексерістен өтпеген. Сақтандыру полисі жоқ оқу көліктерін пайдаланып келген. Техникалық ақаулар да байқалған. Әкімшілік полиция комитеті олқылыққа жол берген 700-дей оқу тобының қызметін тоқтатты. Қазір ел бойынша жүргізуші даярлайтын 727 автомектеп бар. Енді олардың жұмысы бір жүйеге келтіріліп, бақылау күшейтіледі.
АҚТОТЫ БОРАНОВА, ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
— Автомектептердің есебін жүргізу және оқу топтарын тіркеу автомектеп ақпараттық жүйесімен, жүзеге асырылады. Автомектеп ақпараттық жүйесі көмегімен онлайн режимде берілген куәліктің заңдылығын, сағаттық оқу бағдарламасын, оқу автокөлігін есепке алуды тексеруге болады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал