Түркістанда «Таза Қазақстан» аллеясы ашылды

Түркістанда «Таза Қазақстан» аллеясы ашылды. Мұнда елдің әр түкпірінен жеткізілген көшеттер отырғылыдады. Сөйтіп, әр ағашқа батырлар мен тарихи тұлғалардың есімі беріледі. Жаңа демалыс орны алдағы уақытта қала тұрғындары мен қонақтары үшін тартымды мекенге айналмақ. Сонымен қатар, жоба жастарды экологиялық мәдениетке тәрбиелеуге және туған жерге жанашырлықты арттыруға бағытталған.
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
— «Таза Қазақстан» бағдарламасы – бір күндік немесе уақытша бастама емес, ол біздің өмір салтымызға айналатын тетік. Жылдан-жылға миллиондап ағаш егетін болсақ, еліміз күннен-күнге жайқала түседі. Осы бастамаға серпіліс берген жаңа аллея тазалық пен дамудың, бірлік пен жасампаздықтың мәңгілік символына айнала берсін.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал