Astana Eurasian Book Fair кітап жәрмеңкесі басталды

Елордада дәстүрлі халықаралық Astana Eurasian Book Fair кітап жәрмеңкесі басталды. Биыл тоғызыншы рет өтіп жатқан ауқымды шараға отандық және шетелдік баспагерлер, авторлар мен кітапсүйер қауым жиналды.
Алғашқы күннен-ақ жиналған жұрттың қарасы қалың. «Мұндай алаңдар кітап нарығын дамытуға және оқырманмен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік береді», — дейді қатысушылар.

ҚҰРБАНБАЙ ОРАЗАЛЫҰЛЫ, QASYM КІТАП БАСПАСЫНЫҢ МЕНЕДЖЕРІ:
— Осы көрмеге қатысқалы көптеген оқырман таныды, бізді іздеп келеді. Көрменің көп пайдасы тиіп жатыр бізге.

Astana Eurasian Book Fair кітап жәрмеңкесі барысында жаңа туындылар таныстырылып, кітап авторларымен кездесу өткізіледі.

ДӘУЛЕТКЕРЕЙ КӘПҰЛЫ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КІТАП КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕСІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ:
— Компания өздерінің кітап өнімін ұсынып отыр. Биыл Түркия мемлекеті өздерінің министрлік тарапынан бағдарламаларымен келді. 15-ке жуық баспасын әкелді. Сонымен қатар шетелдік копаниялар бар. Ресейдің бірнеше кітап баспасы – біздің көрменің тұрақты қатысушылары.

Мысалы, жас жазушы Бауыржан Марқабаев алғаш рет кубик-рубикті жинаудың тәсілін паш ететін кітапты қазақ тілінде жазған.
Жәрмеңкеге келген оқырман да бұл шараның маңыздылығына ерекше тоқталды.
Кітапсүйер қауым үшін алдағы 5 күн рухани азыққа толы болмақ.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал