Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ӘЛЕМ ЭКОЛОГИЯСЫ
Табиғат геосаясатсыз тіршілік ете береді, ал геосаясаттың табиғатсыз күні қараң. Қазіргі экология тек климат мәселесімен шектелмейді. Мемлекет басшысы Өңірлік экологиялық саммиттің пленарлық отырысында Каспий теңізінде әскери қару тасуға тыйым салуды ұсынды.
МӘСЛИХАТҚА МҮМКІНДІК
Ауыл мен қала тағдырын тек әкімдер емес, тұрғындардың өзі де шешуі керек. Мәжілісте жергілікті басқару жүйесін өзгертетін жаңа заң жобасы қаралды. Бұл – билікті орталықтан өңірлерге біртіндеп беру қадамы. Сонымен, мәслихат жұмысында не өзгереді?
БАЛАБАҚШАДАҒЫ ДАУ
Балабақша тәрбиешісі мен күтушісі 3 жасар бүлдіршіндерді ұрып-соққан. Ақтөбе облысының Шалқар қаласында болған жағдай бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Осыдан кейін ата-аналар шу шығарып, тексеру басталды.
1,5 ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ
Астанада фельдшерге шабуыл жасаған ер адам 1,5 жылға сатталды. Ол наурыз айында шақыртуға барған жедел жәрдем өкіліне қол көтерген болатын. Оның ісі жаңа бап бойынша шұғыл түрде қаралды.
АВТОМЕКТЕПТЕГІ КІЛТИПАН
Еліміздегі автомектептің көбі талапқа сай болмай шықты. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, автодромдардың дені дұрыс жабдықталмаған. Олқылыққа жол берген 700-дей оқу тобының қызметі тоқтатылды.
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.