Жапонияда Қазақстанның инвесторларды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Жапонияда инвесторлар құқықтарын қорғау бағытында біздің мемлекеттің тәжірибесі таныстырылды. Халықаралық жиынға Азия-тынық мұхиты аймағының бірқатар елі, соның ішінде Оңтүстік Корея, Армения, Өзбекстан, Филиппин, Моңғолия және Қырғызстан өкілдері пікір алмасты. Кездесу барысында қазақстандық делегация инвесторларды қорғау тетіктері туралы баяндап, дауларды сотқа дейін реттеу механизмдеріне тоқталды. Шетелдік сарапшылар Қазақстан тәжірибесіне жоғары қызығушылық танытты. «Мұндай халықаралық диалог алаңдары әріптестікті нығайтып, инвестициялық ахуалды жақсартуға жол ашады», — дейді мамандар.
БАУЫРЖАН ЕРАЛЫ, ИНВЕСТОР ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
– Қазақстанның медиация саласында инвесторлардың құқығын қорғау бойынша тәжірибесін бөлісуі өте маңызды. Елімізде инвесторлардың құқығын қорғау бағытында бірнеше ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Басқа мемлекеттердің тәжірибесін алу біз үшін өте маңызды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал