Грэпплинг, киберспорт және салауатты өмір салты. Елордалық студенттер бос уақытын қалай тиімді өткізу керек екенін іспен дәлелдеп жүр. Астанада ең үздік төрт жоғары оқу орнының командасы кілем үстінде өзара мықтыны анықтады.
Грэпплингтен Student Games League студенттік спорттық турнирінің ақтық кезеңі өтті.
Грэпплинг бойынша Student Games League студенттік спорттық турнирін тамашалауға келген көрермен қарасы қалың болды. Бұл – аталған спорт түріне деген қызығушылықтың артып келе жатқанын аңғартады. Ақтық кезеңге жоғары оқу орындарының ең үздік 4 командасы жолдама алып, өзара мықтыны анықтады.
МЫРЗАХМЕТ МЫРЗАХАНОВ, «URG GROUP» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:
– Біздің негізгі мақсатымыз – студенттік спортты дамыту. Былтыр қараша айында бұл бастама аясында алғашқы жарыс өткен болатын. Киберспорттан турнир ұйымдастырдық. Енді, міне, грэпплингтен жарыс өткізіп отырмыз. Алдағы уақытта қолдау көрсетілсе, өзге де спорт түрлерінен осындай ауқымды іс-шараларды жалғастыруға дайынбыз.
Student Games League турнирі «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылды. Іс-шараны Астана қаласының әкімдігі, Қазақстан grappling қауымдастығы мен Полиция департаменті бірлесіп өткізді. Жалпы, жыл басынан бері тәртіп сақшыларының ұйымдастыруымен есірткіге қарсы 1200-ден астам түрлі іс-шара өткен.
ӘЛИЯ ҚИБАТҚЫЗЫ, ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:
– Негізгі мақсатымыз – жастар арасында нашақорлықтың алдын алу, есірткіге байланысты қылмыстарға жол бермеу. Салауатты өмір салтын насихаттау – басты бағыттардың бірі.
Кештің арнайы музыкалық хедлайнері ретінде 6ELUCCI өнер көрсетті. «Жалпы, «Астана – есірткісіз қала» бастамасы аясында мұндай жобалар алдағы уақытта да жалғасын табады», дейді ұымдастырушылар.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.