Солтүстік Қазақстан облысында жаға ұстатарлық жағдай. Кәріз-сорғы станциясында екі бірдей жұмысшы қаза тапты. Қайғылы оқиға Айыртау ауданының орталығы Саумалкөл ауылында болған. Алдын ала болжам бойынша коммуналдық кәсіпорында еңбек етіп жүрген 48 және 50 жастағы азамат жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін кәріз құдығына түскен. Салдарынан метан және күкіртсутегі газына уланып қалған. Олардың екеуі жедел-жәрдем қызметі келгенше сол жерде жан тапсырды. Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ал еңбек инспекциясының мамандары техногендік сипаттағы оқиғаның себеп-салдарынын анықтау үшін арнайы комиссия құрылғанын мәлімдеді. Жалпы еске салайық, өңірде дәл осындай қайғылы жағдай былтыр Ғабит Мүсірепов ауданында болған еді.
АЗАТ КӨШЕРБАЕВ, ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Жазатайым оқиғалардың салдарынан слесарь және электрик қаза тапты. Денелері кәріз-сорғы станциясының аумағынан табылды. Жыл басынан бері облыс бойынша бізде жеті оқыс оқиға орын алған болатын. Соңғысы осы адам өліміне әкеліп соқтырған.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.