Астанада блогерлер Жанабыловторға қатысты сот жалғасып жатыр. Жарыссөздер аяқталды. Айыпталушылар соңғы сөзін айтуы тиіс болған, алайда Эльмира Төлегенова сот процесіне келмеді. Адвокаттың айтуынша, оған себеп – денсаулығының нашарлауы. Судья процесті екі сағатқа шегеріп, денсаулығына қатысты анықтама әкелуін сұрады. Онлайн сотқа қосылуын талап етті.
Алайда екі сағаттан кейін қайтадан жиналған журналистерге сот отырысы ертеңге қалғаны туралы мәлімдеме жасалды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.