Жұмыс та жоқ, ақша да жоқ. Жамбыл облысының он тұрғыны алаяқ әйелге оңбай алданған. Ол оларға Англиядағы жылыжайларда жоғары жалақылы жұмыс уәде еткен. Шетелде жұмыс істеуге келіскендерге саңырауқұлақ теріп, айына бір миллион теңгеден астам жалақы алатынын айтқан. Аса ауылының тұрғындары шетелдегі осыған ұқсас жұмыс туралы әлеуметтік желіден де көрген. Оларды жақсы еңбек жағдайы мен жоғары жалақы қызықтырған. Сондықтан көп ойланбастан келісімшартқа отырған. Англияға бару үшін көбі несие алып, туыстарынан қарыз сұраған. Бірақ жұмыс беруші әйел жол ақысына қажет барлық ақшаны алған соң, зым-зия жоғалған. Жәбірленушілер алаяққа 5 миллион теңгеден астам ақша аударған. «Бұл дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғағанымен, әзірге нәтиже жоқ», — дейді зардап шеккендер.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.