Еліміздің солтүстігінде астық кептіргіш кәсіпорын отқа оранды. Төтенше жағдай Ғабит Мүсірепов ауданының орталығы Новоишимское ауылында болған. Қызыл жалынды ауыздықтауға 40-қа жуық адам жұмылдырылды. Көмекке көрші Айыртау және Шал ақыннан да құтқарушылар жіберілді. Тіпті өрт сөндіру пойызы тартылды. Әзір тілсіз жаудың нақты неден шықаны белгісіз. Оқиға орнында арнайы штаб құрылып, мамандар мән-жайды анықтап жатыр. Шығын көлемі де алдағы уақытта анықталады. Бастысы, зардап шеккендер жоқ.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.