Мемлекет басшысы БҰҰ-ның жоғары өкілдер тобымен кездесті. Президент жаһандық мәселелерді шешуде мемлекеттердің күш-жігерін жұмылдыра алатын БҰҰ-ның әмбебап халықаралық платформа ретіндегі баламасыз рөліне тоқталып, Ұйымның Өңірлік экологиялық саммит пен жиынның күн тәртібін әзірлеуге қосқан үлесін жоғары бағалады. Бұдан бөлек, Президент Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Феридун Синирлиоғлыны қабылдады. Кездесу барысында тараптар орнықты даму, климаттың тұрақтылығы, су ресурстарын тиімді басқару және өзара экономикалық байланысты кеңейту салаларындағы ықпалдастықты дамытуға ниет танытты.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.