Қ. Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директорымен кездесті

Қазақстан Президенті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директорымен кездесті. Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі талқыланды. Ұйым тарапынан еліміздің жаһандық бастамаларына ұдайы қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаев Тедрос Гебрейесуске ризашылығын білдірді. Өз кезегінде қадірлі мейман президентке Өңірлік экологиялық саммитке қатысуға шақырғаны үшін алғыс айтты.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал