Мақсұт Нәрікбаев атындағы университетте студенттерге арналған ауқымды еңбек жәрмеңкесі өтті. Студенттер түрлі салалардағы жетекші компания өкілдерімен тікелей байланыс орнатып, олардың жұмысқа қабылдау талаптарымен танысты. Сонымен қатар, қатысушылар өздерін қызықтырған бағыттар бойынша сұрақ қойып, болашақ мансаптарына қатысты маңызды ақпарат алды. Мұндай шараның негізгі мақсаты – студенттердің оқуы аяқтағаннан кейін жұмысқа орналасуына жағдай жасау. Университет тарапынан ұйымдастырылған бұл бастама жастардың кәсіби бағыт-бағдарын айқындап, еңбек нарығына бейімделуіне ықпал етеді.
АНАР ИБРАЕВА, MNU ПРОВОСТЫ:
— Бұл іс-шара – біздің университетіміздегі ең маңызды шараның бірі. Ол соңғы 4 жыл бойы өткізіліп келеді. Биыл бұл шараға 100-ден астам ұйым қатысуда. Мұнда тек қазақстандық емес, сондай-ақ халықаралық, соның ішінде «үлкен төрттікке» кіретін компания да бар. Біздің басты мақсатымыз – еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлау.
МӘДИ АСҚАРҰЛЫ, MNU СТУДЕНТІ:
— Мен үшін өте маңызды, өйткені бір жылдан кейін практикаға барамын. Сол себепті бүкіл ақпаратты қазір біліп алып, үлкен компанияларға қалай жұмысқа тұру керегінен хабардар болғым келеді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.