Алматыда депутаттар шахматтан бақ сынады

Алматы шаһары бір сәтке шахмат алаңына айналды. ТМД елдері құрамындағы барлық парламент аралық ассамблеясының мүшелері шаршы тақтада өз шеберліктерін сынға салды. Бұл – ҚР Парламентінің 30 жылдығына арналған алғашқы дода. Мақсаты – сайысты Республикалық деңгейден, халықаралық дәрежеге көтеру. Достастық елдеріндегі депутаттардың жалпы саны 3 мыңға жуық. Солардың арасынан іріктелген 60-ы Алматыда бас қосты. «Мұндай турнир тек жарыс қана емес, халықтар достастығын нығайтып, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты арттырады», — дейді шараны ұйымдастырушылар. Мамыр айында Алматыда өңірлік жарыс жалауын көтереді. Ал маусымда Астанада республикалық деңгейде шахматшылар сайысы өткізілмек.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал