Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
САУМАЛКӨЛДЕГІ ҚАЙҒЫЛЫ ЖАҒДАЙ
Солтүстік Қазақстан облысында кәріз жүйесін жөндеп жатқан екі жұмысшы қаза тапты. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия жұмысқа кірісті. Еңбек қауіпсіздігі неге сақталмаған?
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІЗДЕУ
Таразда 10 адамды алдап кеткен күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды. Ол жәбірленушілердің әрқайсысынан Англияға виза мен жұмыс рәсімдеп беремін деп жарты миллион теңгеден қағып алған.
ЖАНАБЫЛОВТАР ІСІ
Ерлі-зайыпты блогерлер бүгін сотта соңғы сөзін айтты. Олар 247 миллион теңге көлемінде заңсыз табыс тауып, оны заңдастырды деп айыпталды. Бұл іс елімізде әлеуметтік желі арқылы пайдаға кенеліп жүрген әрбір блогерге сабақ болмақ.
ЕКІ КҮДІКТІ ҚАМАЛДЫ
Щучинск трагедиясына қатысы бар күдікті көбейді. «Палау орталығындағы» 12 адамның өмірін қиған жарылысқа қатысты тағы екі адам қамауға алынды. Бұған дейін тек дәмхана иесі ұсталған еді.
ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІ
Кітап оқу әдетке айналуға тиіс. Президент қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтады. Енді оқу мәдениетін насихаттап, зияткер ұлт қалыптастыруға бағытталған арнайы жарлыққа қол қояды.
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.