Алматыда зейнеткерді аяусыз ұрып-соққан ер адам ұсталды. Ол аялдамада алаңсыз автобус күтіп тұрған әжейді қатыгездікпен тепкенін мойындады. Мойындамасқа амалы да жоқ еді. Жуан жұдырығымен қарияны есеңгіретіп тастағаны бейнебақылау камерасына түскен. «66 жастағы зардап шегуші қазір ауруханада жатыр, жағдайы ауыр», — дейді мамандар. Күдіктінің бұрын сотталғаны белгілі болды. Қылмыстық іс қозғалды.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
— «Бұзақылық» дерегі бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасымен қылмыстық іс қозғалды. Сезікті бірден қамауға алынды. 90-шы жылы туған біздің алматылық тұрғын болып шықты. Бұрын сотталған. Алдын ала болжам бойынша ешбір себепсіз осы әйелге шабуыл жасап, оны соққыға жыққан. Барлық тергеу амалы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарына сай жүргізіледі. Сот-психиатриялық сараптама тағайындалады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.