Кентауда жауыннан кейін үйлерге су жайылды

Кентау қаласында жауыннан кейін үйлерге су жайылды.
Нөсер салдарынан бірнеше көше мен аулаға және жергілікті базарға су тарап, жеке тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік нысандарға зиян келді. Сондай-ақ кәріз жүйесі жарылған. Жауаптылардың мәліметінше, жағдайды тұрақтандыру үшін 200-ге жуық маман жұмылдырылып, төтенше жағдайлар қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеді. Кей жерлерде су деңгейі 25 сантиметрге дейін көтерілген. Оқиғаға байланысты жедел штаб құрылды. Қазір су сору жұмыстары толық аяқталды.
ФУРХАТ ЖОЛДАСОВ, ТЖД БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИНЖЕНЕРІ:
— Кентау қаласының аумағында 10 көшеден 47 тұрғын үй ауласына су кіру оқиғалары орын алған. Осыған байланысты төтенше жағдайлар департаментінен жедел штаб құрылып, департаментпен 108 жеке құрам, 16 мотопомпа, 11 техника, жергілікті атқарушы органдардан 68 жеке құрам, 8 мотопомпа, 3 техника төтенше жағдайларды жоюға жұмылдырылды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал