Атыраудағы отбасы қазасы: күдікті жақындарын кезең-кезеңімен өлтірген

Атырау облысы Жангелдин ауылындағы бір отбасының қазасына қатысты жаңа дерек шықты. Тергеу кезінде күдіктінің қылмысты жалғыз өзі жасағаны анықталды. Бұл туралы облыс прокурорының көмекшісі мәлімдеді. Марқұмдардың денесінде асүй пышағымен салынған көптеген пышақ жарақаты табылған. Сот-психологиялық және психиатриялық сараптама қорытындысына сәйкес, күдікті деп танылған Сұлтан Сәрсемалиевтің ақыл-есі дұрыс екені әрі өз әрекетіне жауап бере алатыны анықталды. Ал күдіктінің жұбайы, марқұмдардың қызы Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты соңғы қорытынды әлі шықпаған. Тағайындалған сараптамалардың қорытындысы алынғаннан кейін іс сотқа жолданбақ.
ЖАНДАР БОЛАТБЕК, ОБЛЫС ПРОКУРОРЫНЫҢ КӨМЕКШІСІ:
— Анықталған дәлелдемелерге сәйкес, Наурыздың мамыр айында қайтыс болғаны анықталды. Әрі қарай осы келесі отбасы мүшелерінің 2025 жылдың қараша айында қайтыс болғаны анықталды. Сараптамалар тағайындалды. Солардың нәтижелері бар. Өзге де тергеу әрекеттері жүргізіледі. Сараптама қорытындысы шыққаннан кейін қылмыстық іс аяқталады. Одан кейін оны қатысушыларға таныстыру арқылы ғана сотқа жолданады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал