Элмира Төлегенова соттан өзін және жолдасын бас бостандығынан айырмауды сұрады

Астанада блогер Жанәбіловтер ісі аяқталуға жақындаған сәтте басқа бағытқа бұрылды. Кеше кейінге шегерілген сот отырысы бүгін таңертең басталғанымен, ұзаққа созылмады. Элмира Төлегенова денсаулығына байланысты процеске онлайн қосылып, соңғы сөзін айтты. Айыпталушы істен үлкен сабақ алғанын айтып, көз жасына ерік берді. Сондай-ақ ол судьядан өзін және жолдасын бас бостандығынан айырмауды сұрап, процесуалдық келісімге келу туралы өтінішхат жолдады. Сот бұл ұсынысты прокурорға бір сағат ішінде қарауды тапсырды. Алайда адвокат пен прокурор ұсынысты қарап үлгермеген. Айта кетейік, прокурор айыпталушылардың әрқайсына 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған.
ЭЛЬМИРА ТӨЛЕГЕНОВА, АЙЫПТАЛУШЫ:
— Құрметті сот, бізге жеңілдік танытып, маған және жұбайыма бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындауыңызды сұраймын. Сондай-ақ өз құқығымды пайдалана отырып, сіз кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін процесуалдық келісім жасау туралы өтінішхат білдіргім келеді. Процесуалдық келісімнің барлық талабы бізге түсіндірілді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал