Шетелдіктерді қойшы қылып киіндіріп, шекарадан заңсыз өткізбек болған

«Малшы» кейпіндегі мигранттар. Жамбыл облысында қылмыстық топ шекарадан өткізудің жаңа әдісін ойлап тауыпты. Олар шетелдіктерді қойшы қылып киіндіріп, шекарадан заңсыз өткізбек болған. 39 жастағы әйел мен екі сыбайласы бұл схеманы алдын ала жоспарлап, жүзеге асырып келген. Тінту барысында қылмыстық топтан фотосуреттер, шетел азаматтарының төлқұжаттары, ұялы телефондар, банк карталары және 1 миллион теңгеден астам ақша тәркіленді.
ГҮЛСАРА МҰХТАРҚҰЛОВА, ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:
— Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 394-бабы екінші бөлігімен, яғни заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазіргі уақытта іс бойынша толыққанды объективті және жан-жақты анықтау мақсатында терегу амалдары жалғасуда.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал