Астанада алғаш рет криптовалюта арқылы төлем жасау көрсетілді. Бұл мүмкіндікті Қасым-Жомарт Тоқаев Alem.AI орталығына барған кезде көрді. Мемлекет басшысына отандық CryptoPay жүйесінің жұмысы таныстырылды. Сондай-ақ Президент «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турниріне кері санақты іске қосты. Бұл дода елордада 29 шілде мен 9 тамыз аралығында өтеді. Одан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Astana Smart City жобасының іске қосылуына куә болды. Жоба қала инфрақұрылымын ақылды технологиялар арқылы басқаруға мүмкіндік береді. Президентке Alem.AI базасында орналасатын AI зерттеу университетінің тұжырымдамасы да таныстырылды. Жасанды интеллект мамандарын дайындайтын оқу орнында дәрістер 1 қыркүйектен басталады деп жоспарланып отыр. Жалпы, Alem.AI орталығы жасанды интеллектіні дамытуға және жаңа IT жобаларды іске асыруға бағытталған.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.