Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде қалдырды

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендету мүмкіндігін жоққа шығармайды. Бұл туралы банк төрағасы брифинг барысында мәлімдеді. Тимур Сүлейменовтің айтуынша, елдегі қазіргі экономикалық жағдай өзгермесе, мұндай шешім қабылдануы әбден мүмкін. Яғни инфляция бәсеңдеп, баға тұрақталып, сырттан қысым болмаса, мөлшерлеме төмендеуі ықтимал. Бірақ алдымен инфляцияның нақты төмендегенін күту керек. Содан кейін ғана пайызды азайту басталуы мүмкін. Ал әзірге Қазақстан Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені бұрынғыдай жылдық 18 пайыз деңгейінде қалдырды. Жылдық инфляция наурыздағы жағдай бойынша 11 пайызға түскен.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал