Күн жылынғалы балалар арасында жарақат алу оқиғасы көбейген

Оралда балалар жарақаты күрт көбейіп, дәрігерлер дабыл қақты. Облыстық балалар ауруханасына күн сайын 80-ге жуық жасөспірім жеткізіліп, оның әрбір оныншысына операция жасалған. Травматологтардың айтуынша, жазатайым оқиғаның басым бөлігі ойын алаңында болған. Әрі күн ұзарған сайын балалар бақылаусыз қалған. Мамандар мектеп пен лагерьдегі қауіпсіздік деңгейі жоғары болғанымен, көшедегі балалардың өміріне бірінші кезекте ата-ана жауапты екенін ескертеді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал