Көпбалалы әке мен көрші арасындағы дау. Кешкі сағат сегізден кейін тыныштық сақтауды талап еткен көршінің сөзіне қала тұрғыны құлақ асқан. Алайда өз балаларымды қорқақ, жасқаншақ етіп қойдым ба деп алаңдайды. Мұндай жағдайда не істеу керек?
МЕЙРАМБЕК КАМАЛОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
— Менің есімім – Мейрамбек. Астана қаласының тұрғынымын. Көрші тарапынан қысым бар. Ол кісінің айтуынша, кешкі сегізде балаларымды ұйықтатып тастауым керек. Жүруге, жүгіруге болмайды. Мен оларды тұсап ұстай алмаймын әрі берекесіз жіберіп жатқаным шамалы. Көршім тіпті полиция шақырып, мазамды алған кезі болды. Мұндайда не істесек болады?
АРАЙЛЫМ ҚАМБАРҚЫЗЫ, АДВОКАТ:
— Мұндай талап қате. ҚР заңы бойынша, кешкі 10-нан таңғы 9-ға дейін шулауға болмайды. Ал демалыс күндері кешкі 11-ден таңғы 10-ға дейін жүгірмесе болды. Ал заңсыз қайта-қайта мазаңызды алған көршінің өзіне хаттама толтыртуға болады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.