Алимент, баспана және жер дауы. Елордада өткен ауқымды акцияда заңгерлер мен прокурорлар, азаматтардың күрмеуі қиын мәселелерін шешуге көмектесті. Халыққа ҚКО-да өткен ашық диалогтың нәтижесі қандай?
Ашық диалог форматында өткен қабылдауда заңгерлер, адвокаттар және мемлекеттік орган өкілдері тұрғындарға тегін құқықтық кеңес берді. Азаматтар алимент өндіру, жер қатынастары, атқарушылық іс жүргізу, құқықбұзушылық және тұрғын үй мәселелері бойынша сауалдарын жолдады.
Іс-шараға 20-дан астам мемлекеттік орган мен ұйым өкілдері қатысты. Негізгі мақсат – халықтың құқықтық сауатын арттырып, нақты мәселелерін шешуге ықпал ету. Жобаны Астана қаласының әкімдігі мен Байқоңыр ауданының прокуратурасы бірлесіп ұйымдастырды.
ҚАЗЫБЕКБИ БЕРҒАЛИҰЛЫ, ПРОКУРОР:
— ХҚКО тиісті түрде таңдалды. Себебі аталған жерде халықтың шоғырлануы өте жоғары. Адамдардың көбі күнделікті жұмысымен жүріп, мемлекеттік органдарға барып, кеңес алуға уақыттары бола бермейді. Сондықтан осындай іс-шараны ұйымдастырдық.
«Заң және тәртіп» қағидасы аясында өткен акция барысында 100-ден астам азамат тегін құқықтық көмек алды. Мамандардың айтуынша, мұндай шаралар халықтың құқықтық сауатын арттырып қана қоймай, қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы сенімді нығайтуға мүмкіндік бермек.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.