Атыраудағы отбасы қазасы: күдікті жақындарын кезең-кезеңімен өлтірген | 24.04.2026

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ЖУАН ЖҰДЫРЫҚ ЖАЗАСЫН АЛАДЫ
Алматыда аялдамада тұрған 66 жастағы кейуананы еш себепсіз аяусыз соққыға жыққан бұзақы қолға түсті. Жуан жұдырығын әлсізге сермеген қатыгез күдікті енді заң алдында жауап береді.

ЖАНГЕЛДИНДЕГІ ҚАНДЫ ҚЫЛМЫС
Атырау облысында бір отбасын қырып кеткен күдікті жақындарын бір уақытта емес, жарты жыл үзіліспен өлтірген. Прокуратура бұл қылмыстың қалай жасалғанын, сараптама қорытындысын жариялады.

МИГРАНТ ТАСЫМАЛЫ
Жалған төлқұжаттар, бөтен фотосуреттер және қомақты қаражат. Жамбыл облысында шекараны заңсыз кесіп өтуді кәсіпке айналдырған қылмыстық топ ұсталды.

БАЗАЛЫҚ МӨЛШЕРЛЕМЕ
Ел экономикасының басты индикаторы жарияланды. Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Бас банктің бұл шешімі несие пайызына қалай әсер етеді?

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ
Солтүстік Қазақстан облысының азаматтары Дағыстан халқына гуманитарлық көмек жөнелтті. Осыдан екі жыл бұрын тасқын зардабын тартқан өңір тұрғындары бұл жолы өздері өзгеге демеу болып, 15 тонна жүк жинады.

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал