Стадиондағы сұмдық: 18 жастағы оқушыны сыныптасы пышақтап кеткен

Бұрынғы сыныптасы пышақтап кеткен 18 жастағы оқушы Бұланды аудандық ауруханасынан облыс орталығына ауыстырылды. Дәрігерлердің айтуынша, оның кеңірдегіне пышақ тиген. Жағдайы орташа ауыр. Оқиға Максинк қаласында оқушылар мұғалімдермен бірге стадионда волейбол ойнап жүрген кезде болған. Басын бүркеп алған күдікті ойын алаңындағы оқушының бетіне бұрыш шашып, артынша пышақ сілтеген. Ол көп ұзамай ұсталып, қамауға алынды. Тергеу кезінде шабуыл жасаған күдіктінің Астанадағы колледждердің бірінде оқитыны белгілі болды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал