Оралда заңсыз салынған үйлер сүріле бастады. Жыл басынан бері құрылыс басқармасына монтаждау жұмыстарын бастау туралы 111 ескерту беріліп, 15 рет тексеру жүргізілген. Сөйтіп, 11 нұсқама беріліп, 99 хаттама толтырылған. 11 миллион теңге айыппұл да салынған. Қала бойынша жұмыс істейтін екі мониторингтік топ жұмыс істейді. Олар құрылыстың заңдылығыны дрон арқылы анықтайды. Тексеру кезінде бірнеше тұрғын үй мен кәсіпкерлік нысанның заңсыз салынып жатқаны белгілі болды. Қазір ешбір құжаты жоқ алғашқы нысан сүріліп жатыр.
ӘЛІБЕК АНТАЗИЕВ, МЕМЛЕКЕТТІК СҚББ БАСШЫСЫ:
— Тексеріс аясында Орал қаласындағы заңсыз құрылыс салынып жатырған төрт қабатты тұрғын үй анықталды. Бұл үйдің демонтаж жұмыстары басталды. Осы бір айдың ішінде төрт қабатты тұрғын үйдің демонтажын бітіреміз.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.