Жетісайда жерасты суы мәселесі ушығып, үйлер жарамсыз күйге түсті

Жетісай ауданында жерасты суы мәселесі ушығып, тұрғын үйлердің жағдайы нашарлаған. Аудандағы 30-ға жуық елді мекенде жаңбыр жауған сайын жерасты суы көтеріліп, үйлер ылғал тартып, кейбірінің іргетасы мүлде жарамсыз күйге түскен. Жетісай қаласының өзінде 130-дан астам нысанның тозығы жетіп, жертөлесі суға толған.
Ал мыңнан аса халық тұратын Сәкен Сейфуллин елді мекенінің жұрты да жерасты суынан зардап шегіп отыр. Мұндағы халық баспанасын тастап, көшіп жатыр. «Өйткені үйлерді қанша рет жөндегенмен, қалпына келмей жатыр», — дейді тұрғындар.

АҚМАРАЛ ЖАНБАЕВА, С. СЕЙФУЛЛИН ЕЛДІ МЕКЕНІНІҢ ТҰРҒЫНЫ:
— Төбелері құлап жатыр. Бір жерін түртсең, екінші жағы құлайды. Газ кіргізгенмен, жылу жүргізе алмай отырмыз.

ӨТЕУЛІ АРАЛБАЙҰЛЫ, С.СЕЙФУЛЛИН ЕЛДІМЕКЕНІНІҢ ТҰРҒЫНЫ:
— Бұрын Кеңес үкіметінің кезінде ауылымыздың үш бұрышында дренаж бар еді. Есігіміздің алдында жеміс ағаштары жайқалып тұратын. Есіктің алдына балаларға көкөніс егілетін еді, қазір қурап кетеді. Қазір қара тал да қурап қалып жатыр. Жастардың 40%-ы көшіп кетті.

«Ал дренаж құрылысын жүргізу үшін құжат әзірленіп жатыр», — дейді жауатылар.

НҰРДӘУЛЕТ ІКІМАТ, АУДАНДЫҚ ТҮИ БӨЛІМ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Жетісай ауданында 43 дана тік дренаж құрылысын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленуде. Аталған жобаларға сараптаманың оң қорытындысы алынған соң, аудандық немесе облыстық бюджеттен құрылысына қаржы бөлуге ұсыныс тастаймыз.

Дренаждарға қаражаттың қашан бөлінетіні белгісіз. Сондықтан тұрғындарға күтуден басқа амал қалмай тұр.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал