Алматы облысының інжу-маржаны саналатын Қайыңды көліне жол салына бастады. Ұзындығы 10 шақырым болатын тас жолдың құрылысына жергілікті бюджеттен 2 млрд теңге бөлінген. Жалпы, Көлсай көлдерінің тұмса табиғатын тамашалаушылар Қайыңдыға дейін жол талғамайтын көлікпен барып, одан әрі жаяу немесе атпен жетеді. Былтыр ол жаққа 200 мыңнан астам демалушы ат басын тіреген. «Ал тақтайдай тегіс жол бітсе, оған баратын турист саны бірнеше есеге артады», — дейді мамандар.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.