Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ОЙЫН АЛАҢЫНДАҒЫ ОҚИҒА
Волейбол ойнап жүріп, пышақ тиген баланың жағдайы орташа. Максинкіде стадионға басып кіріп, өзімен құрдас балаларға қауіп төндірген жасөспірім қамауға алынды. Оқиға ізімен қылмыстық іс қозғалып, оның ата-анасы да тергеліп жатыр.
БЛОГЕРЛЕР АҚЫРЫ
Әлеуметтік желіде заңсыз лоторея ойнатып, пайдаға кенелді деп айыпталған елрі-зайыпты блогерлер ісі аяқталуға жақын. Жанабыловтар жыларман болып, соңғы сөзін айтты. Тіпті 247 млн теңге шығынды өтеуге келісті.
ЗАҢСЫЗ ҮЙ БҰЗЫЛАДЫ
Оралда заңсыз салынған үйлер сүріле бастады. Жыл басынан бері құрылыс басқармасына 111 рет ескерту беріліп, 15 рет тексеру жүргізілген. Енді ескертуді елемеген құлылыс компанияларына айыппұл салынып, заңсыз нысандар сүріле бастады.
ТИІМСІЗ ҚАРЖЫ
Жоғары білім беру саласында кемшілік көп. Жоғары аудиторлық палата жүйелі қателік барын анықтады. Мәжілісте өткен Үкімет сағатында депутаттарға бюджет ақшасы тиімсіз жұмсалғаны анықталды. Сонда қыруар қаржы босқа шығындалған ба?
ҚАЙЫҢДЫҒА ЖОЛ САЛАДЫ
Көп ұзамай туристер Қайыңды көліне тақтайдай тегіс жолмен барады. Алматы облысының інжу-маржанына баланған мекенге тас жол салына бастады. Бұған дейін Көлсайдың тұмса табиғатын тамашалаушылар жол талғамайтын көлікпен барып, одан әрі жаяу немесе атпен жететін.
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.