Алматыдағы Ганди паркінде атылған отшашу демалушыларға қауіп төндірді

Бұл – мылтықтың оғы емес, отшашу. Алматыдағы Ганди паркінде төтенше жағдай болды. Белгісіз біреулер ұйымдастырған отшашу айналаға бытырай шашыраған. Кәуәгерлердің айтуынша, пиротехника салынған қорап аударылып қалған көрінеді. Сөйтіп, көңіл көтеруге арналған көрініс қоғамға қауіп төндірді. Оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Полиция тексеруді бастады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал