Түркістан облысында жаға ұстатарлық жағдай болды. Отырар ауданына қарасты Шәмші Қалдаяқов ауылында нағашы атасы екінші сыныпта оқитын немересіне зорлық көрсетті деген күдікке ілінді. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Облыстық полиция депаратменті баланың анасы арызданғаны туралы ақпаратты растады. Полицияның мәліметінше, алғашқы тергеудің нәтижесімен заңсыз әрекеттер анықталмаған, балада дене жарақаттары табылмапты. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, қосымша сараптамалар тағайындалған. Ал бұл жағдай туралы балалар омбудсмені Динара Зәкиева бүлдіршіннің арнайы орталыққа орналастырылғанын және қылмыстық іс тіркелгенін мәлімдеді.
ДИНАРА ЗӘКИЕВА, БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ:
— Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жәбірленуші уақытша балаларға арналған орталыққа жатқызылды. Қазір полиция тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл жағдай менің жеке бақылауымда.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.