Қостанай облысында жасөспірім өгей әкенің қолынан мерт болды. Қайғылы жағдай Жітіқара қаласында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ерлі-зайыптылар арасында жанжал туып, осы кезде 15 жастағы бала анасына араша түспек болған. Алайда өгей әке оны аямай, пышақ салып алған. Әйел де ауыр жараланып, ауруханаға жеткізілді. «Қазір 37 жастағы келіншектің халі мүшкіл», — дейді мамандар.
ИНДИРА НУРУЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Адам өлтіру және оған оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында күдіктіні, әйелдің жұбайын ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.