«Үй салып беремін» деп, миллиондарды қалтасына басқан Мөлдір Сүйіншәлі тергеуге алынды

Астанада «элиталы қалашықтан» үй салып беремін деп, жұрттың миллиондарын қалтасына басқан Мөлдір Сүйіншәлі аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен тергеуге алынды. Қаржы мониторингі агенттігінің ақпараты бойынша, бірнеше құрылыс компаниясы бар күдікті осыдан 5 жыл бұрын «Nura Elite» қалашығында 37 коттедж бен 24 таунхаус саламыз» деп, тұрғындардан алдын ала келісімшартпен ақша алған. Алайда 2023 жылдың соңына дейін тапсырамыз деген үйлердің құрылысы әлі күнге дейін біткен жоқ. Кейбір нысандардың қаңқасы ғана бар.
ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:
— 56 адам жәбірленуші ретінде танылып, тартылған қаражаттың жалпы сомасы 3,9 млрд теңгені құраған. Оның ішінде 322 млн теңге Мөлдір Сүйіншәлі, жұбайының және анасының есепшоттарына аударылған, сондай-ақ 145 млн теңге қолма-қол ақшаға айналдырылған.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал