Alem.AI халықаралық жасанды интеллект орталығына Қазақстан мен Израиль президенттері барды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ицхак Герцог бұл орталықтың жұмысымен танысты. Мұнда таланттарды іріктеу мен даярлаудан бастап, жасанды интеллект негізіндегі шешімдерді жаһандық деңгейге шығаруға дейінгі толық технологиялық цикл жүзеге асырылады. Израиль Президентіне Қазақстанның цифрландыру және жасанды интеллектіні экономика мен әлеуметтік саланың негізгі бағыттарына енгізудегі жетістіктері таныстырылды. Astana Smart City жобасы жөнінде де ақпарат берілді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.