Павлодарлық студенттер инватакси шақыруға арналған қосымша әзірледі

Павлодарлық студенттер инклюзивті сервис ойлап тапты. IT жоба аясында инватакси шақыруға арналған қосымша әзірленді. Оған Премьер-министр Олжас Бектенов жоғары баға беріп, жобаны өзге өңірлерде де кеңейтуді тапсырды. Қосымша тек көлік шақыру қызметімен шектелмейді. Инклюзивті экожүйе қалыптастыруға бағытталған. Яғни ерекше қажеттілігі бар пайдаланушыларға арналған түрлі сервисті біріктіреді. Павлодар облысында осындай 30 мыңнан астам азамат тұрады, оның 4 мыңға жуығы – бала.
СТАНИСЛАВ КИРИЧЕНКО, МОБИЛЬДІ ҚОСЫМША АВТОРЫ:
— Бұл – бірнеше қызметті бір жерге біріктіретін цифрлық қосымша. Яғни инватакси шақырудан бастап, қолжетімді нысандарды көруге дейінгі мүмкіндігі бар. Біз қосымшаны барынша әртүрлі мүгедектік түрлеріне бейімдегіміз келеді. Мысалы, ДЦП, көру, есту қабілеті бойынша. Қазір біз компьютерді немесе телефонды қимыл, дауыс арқылы басқару жүйесін енгізуге тырысып жатырмыз. Болашақта тіпті көзбен басқару мүмкіндігі де болуы ғажап емес.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал