Түркістан облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында 20 мың ағаш отырғызылды

Түркістан облысында «Taza Qazaqstan» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында ауқымды экологиялық іс-шара ұйымдастырылып, бір күннің өзінде тұрғындар 20 мың ағаш отырғызды. Науқанға 340 техника жұмылдырылып, 350 тонна қоқыс шығарылды. Жалпы 17 мың гектар аумақ тазартылды. Бағдарлама басталғалы өңірде 2 миллионнан астам көшет егілсе, елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету үшін 400-ге жуық жаңа техника сатып алынған. Сондай-ақ облыста 11 саябақ, 8 сквер және 4 аллея ел игілігіне берілді. «Мөлдір бұлақ» акциясы шеңберінде 155 бұлақ пен 77 өзен арнасы тазартылды. Ал биыл өңірде тағы 1 миллионнан астам ағаш отырғызу жоспарланған.
ЖАДЫРА ҚОЖАХМЕТОВА, ТАБИҒАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— «Таза Қазақстан» бағдарламасы Түркістан облысында қарқынды жүзеге асырылып жатыр. Бұл науқанның басты мақсаты – экологиялық сананы қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті арттыру. Облыстың барлық аудан-қаласынан «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында бір мезетте 20 мың түп көшет егілді. Жалпы, жыл соңына дейін 1 млн түп көшет егу жоспарланып отыр.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал