Қостанайда жүгіру мен қоқыс жинауды қатар ұштастыратын плоггинг экологиялық акциясы өтті. Өңірде 7 рет ұйымдастырылған мұндай шараға биыл да көптеген тұрғын қатысып, бірнеше сағат ішінде Тобыл өзені жағалауынан ондаған қап қоқыс жинады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, 7 жыл бұрын бастау алған жоба кең қолдау тауып, жыл өткен сайын қатысушы саны артып келеді. Акция «Таза Қазақстан» республикалық науқаны аясында өтті.
АННА БЛЮМ, АКЦИЯҒА ҚАТЫСУШЫ:
— Ең бастысы – белсенді болу. Қалаңның таза әрі әдемі болуы үшін өз үлесіңді қосу керек. Біреуден күтіп отырмай, әрекет еткен дұрыс. Тек шағымдана бермей, нақты іс жасау маңызды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.