Соңғы кездері елімізде ұлттық қолөнер бұйымдарына сұраныс артып келеді. Әсіресе экологиялық таза өнімнен жасалатын ұлттық нақыштағы дүниелерге қызығушылық жоғары. Мәселен, Алматы облысының Байсерке ауылында тұратын шебер таза былғарыдан қазақы ою-өрнекпен бедерленген белдік, әмиян және әйелдерге арналған сөмке тігеді. Кәсіпкер үш жыл бұрын «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 8,5 млн теңге жеңілдетілген несие рәсімдеп, жеке шеберханасын шағын цехқа айналдырған.
РЕНАТ АБДУЛОВ, ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРІ:
— Бұрын бәрін қолмен жасайтынбыз. Ол ұзақ уақыт алады. Белдік, әмиян, сөмкелерді ұлттық нақышта жасаймыз. Алған қаржымызға станоктар алдық.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.