Қайыңды көліне жол салына бастады

Алматы облысының інжу-маржаны саналатын Қайыңды көліне жол салына бастады. Ұзындығы 10 шақырым болатын тас жолдың құрылысына жергілікті бюджеттен 2 млрд теңге бөлінген. Жалпы, Көлсай көлдерінің тұмса табиғатын тамашалаушылар Қайыңдыға дейін жол талғамайтын көлікпен барған. Одан әрі жаяу немесе атпен жететін еді. Былтыр ол жаққа 200 мыңнан астам демалушы ат басын тіреген. «Ал тақтайдай тегіс жол бітсе, оған баратын турист саны бірнеше есе артады», — дейді мамандар.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал