Қостанай облысында жасөспірім өгей әкенің қолынан мерт болды | 28.04.2026

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

НАҒАШЫ АТА КҮДІККЕ ІЛІНДІ
Түркістан облысында жаға ұстатарлық жағдай болды. Отырар ауданына қарасты Шәмші Қалдаяқов ауылында нағашы атасы 2-сыныпта оқитын жиеніне зорлық көрсетті деген күдікке ілінді. Баланың анасы полицияға «ұлымды туған әкем қорлады» деп арыз түсірген.

ОТБАСЫЛЫҚ ЖАНЖАЛ
Қостанай облысында өгей әкенің қолы қанға былғанды. Ол отбасылық жанжан кезінде анасына араша түспек болған 15 жасар баланы өлтіріп, әйеліне бірнеше жерден пышақ салған. Келіншек ауруханада, жағдайы ауыр.

АЯҚСЫЗ ҚҰРЫЛЫС
Астанада үй салып, сатумен айналысатын Мөлдір Сүйіншәлі қазақстандықтарды 4 млрд теңгеге алдаған. Ол Nura Elite коттедж қалашығын салатынын жариялап, 56 адамнан қаражат жинаған. Алайда құрылыс аяқсыз қалды.

DIGITAL QAZAQSTAN
Елімізде Digital Qazaqstan жалпыұлттық цифрландыру стратегиясы жүзеге асырылады. Көп ұзамай емханалардағы ұзынсонар кезек екі есе азаяды. Үкімет отырысында жалпы ел экономикасына жасанды интеллект элементтерін енгізу тетіктері қаралды.

КҮЙ КҮМБІРІ
Елордада Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, ауқымды флешмоб өткізілді. Шара «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» деп аталды. Екі мың оқушы бір мезетте күй тартып, Астана көгін әсерлі әуенге бөледі.

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал