Отырар ауданына қарасты Ескі Шілік ауылында тұрғындарға шибөрі шабуыл жасап, үш адамды жаралады.
4 жасар қыз бала ауыр жарақат алып, аудандық ауруханаға жеткізілді. Жыртқыш бүлдіршіннің екі қолы, аяғы мен кеуде тұсын тістеген. Анасы қызын әрең құтқарып қалыпты. Кейін шибөрі басқа балаларға ұмтылған сәтте көршісі байқап қалып, жыртқышты шүйдесінен ұрып тоқтатқан. Дәрігерлер зардап шеккендердің барлығына құтырмаға қарсы екпе салды. Ал ветеринариялық қызмет мамандары қорқау қасқырдың өлексесін зертханаға жөнелтті.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.