Алматыда маусым басталғалы 517 адамды кене шақты

Алматыда маусым басталғалы 517 адамды кене шақты. Барлығы медициналық көмекке жүгінген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4% көп. Қазір Медеу, Бутаков және Қарағайлы шатқалы, Қарғалы аумағы қауіпті. Мамандар жеке үй мен жер телімі иелеріне аумақты өз бетінше зиянкеске қарсы өңдеуді ұсынады. Өйткені кене қауіпті инфекция тасуы мүмкін. Қазір қаладағы саябақ пен орман алқаптарында кенеге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

БИБІГҮЛ НҰРҒАЛИЕВА, ҚАЛАЛЫҚ СЭБД БАС МАМАНЫ:
– Кенелер ерте көктемнен күздің соңғы айларына дейін белсенді болады. Ең белсенді кезеңі – сәуір, мамыр, маусым айлары. Сондықтан осы кезеңде кене шаққандардың саны көбейеді. Қазіргі кезде кене энцефалиті жағдайы тіркелген жоқ. Кене энсефалитінің алдын алу жолы – кенеге қарсы вакцинация жүргізу. Вакцинация медициналық ұйымдарда жүргізіледі.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал