Абай облысында порностудия ұйымдастырған ерлі-зайыпты ұсталды

Абай облысында бірнеше қалада порностудия ұйымдастырған ерлі-зайыпты ұсталды. Олар тұрақты табыс табу үшін жас қыздарды іріктеп, оларды бейнеге түсіріп, бейәдеп жазбаны интернет арқылы сатып отырған. Түсірілімге арнайы орын дайындап, желілік вебкам-бизнесті пәтерлерде ұйымдастырған. Енді отбасының қаржылық жағдайын заңсыз жолмен жақсартып келген әйел мен еркегі тергеліп жатыр.

ҚУАНДЫҚ АЛПЫС, ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ДЕПАРТАМЕНТІ ӨКІЛІ:
– Абай облысында жүйелі табыс табу мақсатында Қазақстаннның бірнеше қаласында вебкам бизнеске арналған порностудиолар ұйымдастырған ерлі-зайыптылар ұсталды. Олар өзара міндеттерді бөлісе отырып, модельдік келбеті бар жас қыздарды іздеумен және тартумен, сондай-ақ порнографиялық сипаттағы түсірілімдер жүргізуге арналған орындарды ұйымдастырумен айналысқан. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал