Шығыс Қазақстан облысына 48 мектеп директоры мен 100 мұғалім қажет. Білім саласы басшыларына жатпай-тұрмай өңірдегі бос орындарға алдағы жаңа оқу жылына дейін маман табу қажет. Басшы болуға қызығушылықтың болмауына басты себеп жалақыда болса керек. Кәсіподақ мамандарының айтуынша, жоғары санатты мұғалім директорға қарағанда екі есе көп еңбекақы алады. Ал директордың жүктемесі көбірек. Ол сабақ беріп қана қоймайды, әкімшілік жауапкершілігі де бар. Жыл соңына дейін білім басқармасы кадр тапшылығын жоюды жоспарлап отыр. Республикалық бюджеттен биыл білім және ғылым саласына 902 млрд теңге бөлу көзделіп отыр.
ИВАН СОКОЛОВ, БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІПОДАҚ МАМАНЫ:
– Қазіргі таңда зерттеуші-сарапшы санатындағы қарапайым мұғалім болып жұмыс істеу директор болғаннан гөрі тиімдірек. Біздің ойымызша, директордың жалақысы қарапайым педагогқа қарағанда әлдеқайда жоғары болуы тиіс. Себебі директор мектептегі оқу процесіне де, материалдық қамтамасыз етуге де қатысты кез келген жағдай үшін тәулік бойы жауап береді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.