Ақордада Чех Республикасының премьер-министрі Андрей Бабишті қарсы алу рәсімі өтті. Мемлекет басшысы кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді. Қасым Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы қарым-қатынастың бұрыннан достық әрі тығыз сипатта дамып келе жатқанына тоқталды. Әңгіме барысында сауда-экономикалық байланыстардың дамуы мен өзара ынтымақтастықтың кеңеюі айтылды. Халықаралық ұйымдар аясындағы бірлескен іс-қимылдардың маңыздылығы да аталды. Президент Чехия Премьер-министрін І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Ал мәртебелі мейман қонақжайлық үшін алғыс айтып, Қазақстанның жетістіктерін жоғары бағалады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.