Иран Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерден ақы алмақ

Иран Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерден ақы алудың жаңа жолын қарастырып жатыр. Бұл туралы Гардиан басылымы жазды. Біріккен Ұлттар Ұйымының теңіз конвенциясына сай, бұғаздағы транзит тегін. Тек қызмет көрсеткені үшін, төлемақы талап ете алады. Тегеран осы мүмкіндікті пайдаланбақ. «Су көліктеріне жол көрсетіп, қауіпсіздікті қамтамасыз еткеніміз үшін ақы сұраймыз», — дейді. Бұл істі толығымен Ислам революциясы сақшылар корпусы басқарады. Өткен аптада Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Оманға барып, бұғаз мәселесін талқылады. Стратегиялық су жолы екі елдің аумағына тиесілі. «Егер заң күшіне енсе, Тегеран бюджетін толтырып қана қоймай, саяси ықпалын күшейтеді», — дейді сарапшылар.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал