Астанадағы мектеп түлектері көшет отырғызды

Мектеп түлектері соңғы қоңырауды күтпей-ақ ел бойынша үлкен іске жұмылып жатыр. Жастар қолына күрек алып, жаппай ағаш егуге шықты. Экологиялық науқан әр өңірде өтеді.

Кеше ғана партада отырған 9 және 11 сынып оқушылары өз қолымен көшет отырғызып, мектеппен қоштасудың жаңа дәстүрін қалыптастырып жатыр. Түлектер осылайша туған ауылдың, туған қаланың көркеюіне үлес қоспақ.

ЕРЛАН ҚАЛМАҚОВ, ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫ:
– «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында және «Таза Қазақстан» бастамасын ілгерілету мақсатында түлектердің ағаш егу челленджін өткізуі дәстүрге айналған. Бұл челленджге мектеп бітіруші түлектер, көбіне 9 және 11 сыныптың балалары қатысады. Бұл – олардың азаматтық жауапкершілігін, қоршаған ортаға деген қамқорлығын, туған елге, туған жерге деген сүйіспеншілігін айғақтайтын сондай үлкен, маңызды шара.

Маңызды шараға елордадағы №111 мектептің оқушыларымен бірге Астана білім басқармасының басшысы да атсалысты. Шырша көшеттерін отырғызып, суарды. Енді ағаштардың күтіміне түлектердің іні-қарындастары жауапты болады.

Биыл елімізде 200 мыңнан астам оқушы мектеп бітіреді. Олар экологиялық акция аясында ел бойынша жүз мың түп ағаш отырғызады. Көшеттер әр әкімдік қаланы көгалдандыруға бөлген бюджет есебінен сатып алынады, — деді министрлік өкілі.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал