Елордада сән әлемінің басты оқиғаларының бірі сән апталығы өтті. Үш күнге созылған шарада отандық және шетелдік дизайнерлер өз топтамаларын ұсынып, жаңа трендтерді таныстырды.
Елордада сән апталығы аяқталды. Іс-шара Ұлттық музейдегі көрсетіліммен ашылып, үш күн бойы отандық және шетелдік дизайнерлер өз топтамаларын ұсынды.
Жылдан-жылға сән әлемі етегін кеңге жайып келеді. Отандық брендті қолдайтын және жаңа дизайнерлерге есік ашатын бұл шара елордалықтар үшін де асыға күтетін апталыққа айналды. Сонымен қатар әр дизайнер өз топтамасының мәнін және осындай сән алаңының маңызын түсіндіріп өтті.
Осылайша, сән апталығы отандық сән индустриясының дамуына серпін беріп, қазақстандық дизайнерлердің жаңа белеске көтерілуіне мүмкіндік жасады. Сонымен қатар тәжірибе алмасуға, жаңа идеяларды жүзеге асыруға және әлемдік деңгейге шығаруға бағытталған маңызды алаң екенін көрсетті.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.